Елімізде еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі

ақша, төлемақы, теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 13:14 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап осы уақытқа дейін тағайындалған жұмысқа жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының төрт пайызына ұлғайтылсын, – делінген құжатта.

Бұл шешім халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қабылданды.

Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: