Жаңалықтар тізбегі
0

Түрікменстан мектептерінде президенттің портретін ауыстырып жатыр

Сердар Бердімұхамедов, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 16:49 Сурет: Telegram/Serdar Berdimuhamedow
Түркімен мектептеріне жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтың портреттері берілді. 1 мамырға дейін бұл суреттер директордың кабинетіне, мұғалімдер бөлмесіне, фойеге және әр аудиторияға ілінуге тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хроника Түркіменстан» сайтының мәліметінше, портреттерді алу шығынын мектеп әкімшілігі көтереді.

Ауыл мектептеріне жаңа президенттің порстреттері әлі келген жоқ. Бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың портреттері 20-21 наурызда алынған.

Сонымен қатар білім бөлімінде 1 қыркүйекке дейін балабақшалар мен мектептерде кілемге тоқылған президент портреттері пайда болуы мүмкін екені айтылып жатыр. Олар әлдеқайда қымбатқа түседі.

Онымен қоса мектептерден экс-президент кітаптары бар бұрыштарды алып тастау туралы шешім қабылданды. Сөрелер мен шкафтардың орнына білім тақырыбына Сердар Бердімұхамедовтің дәйексөздері бар стендтер пайда болады.

2022 жылдың 12 наурызында Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижесінде Сердар Бердімұхамедов сайлаушылардың 72,97%-ының қолдауына ие болды.

Мемлекет басшысы лауазымына ОСК тіркеген тоғыз кандидат бақ сынады. Сердар Бердімұхамедовті Түркіменстан Демократиялық партиясы ұсынған. Ол үшін бұл –бірінші президенттік сайлау. Ол Түркіменстан президенті қызметін жеті жыл атқарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: