Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде оқушы сабақ кезінде бұрыш баллонын сеуіп, мектепті дүрліктірді

Ұсақ бұзақылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 22:21 Сурет: Zakon.kz
№5 мектеп әкімшілігі зардап шеккендер жоқ екенін, балалардың барлығы үйлеріне таратылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 8 сәуірде дене шынықтыру сабағы кезінде киім шешетін бөлмеде орын алған. Төтенше жағдай туралы білім ордасының қызметкерлері хабарлаған.

Полиция қызметкерлері бұрыш спрейін сыныптағы оқушылардың бірі шашқанын анықтады. Оқушы түсіндіріп өткендей, өз қауіпсіздігі үшін жанында үнемі бұрыш баллонын ұстап жүреді, өйткені ол қаланың шалғай ауданында тұрады. Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі

Сабақ барысында 2006 жылғы оқушы баллонды қалтасынан алып, сөмкесіне салмақшы болғаны белгілі болды, бірақ сыныптастары байқап, оны көрсетуді сұрайды. Осылайша жасөспірімдердің бірі кездейсоқ оны шашып алған.

Мектепте бұрыш спрейін шашқаны үшін оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: