Қарағандыда сәбидің денесі салынған жылтыр дорба табылды

Қылмыстық оқиға Сурет: pixabay
Қарағандыда пакетке салынған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайсыз хабар 9 сәуірде Қарағанды қаласындағы Киров полиция бөліміне келіп түсті.

26 жастағы қала тұрғыны гаражының айналасын тазалап жатқанда кездейсоқ жылтыр дорбаны тауып алады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан сұрақ-жауап алынып жатыр, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз