Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады

қазақ тілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 12:22 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы Премьер-Министрдің өкімі дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Конституциясын, Қазақстан заңдарын, президент пен үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асырады.

Комиссияның жұмысын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орындайды.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  1. мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  2. тіл реформасын кешенді іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

  3. мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

  4. мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, қолданыс аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  5. халықаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік тілдің рөлі мен орны, шетелдерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;

  6. мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Комиссияның функциясы:

  1. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен мемлекеттік емес ұйымдар басшыларының мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдау, ұсыныстар беру;

  2. мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың және оны ғылым мен мәдениеттің тіліне барынша айналдырудың ғылыми, білім аспектілерін қарау;

  3. мемлекеттік тіл саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

  4. мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру саласында мемлекеттік орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекетті емес ұйымдардың іс-қимылдарын талдау болып табылады.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: