Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Винокуровпен кездесті

Винокуров пен Тоқаев Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі велоспорттың дамуы жөнінде, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, соның ішінде еліміздің түрлі қалаларында велосипед тебудің экстремальді түрімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін ВМХ парктерін салу және Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берілді.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы Президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтты.

Мемлекет басшысы велокоманданың алдағы кезеңге арналған жоспарын қолдап, Astana Qazaqstan Team Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз