Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидасының негізгі белгілерін атады

қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 13:36 Сурет: Zakon.kz
Азаматтардың жұмыс істемей-ақ баюға деген ұмтылысы ақшаны жоғалтуға және ірі көлемдегі несиелерді төлеу міндеттемесіне әкеледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтарымыз құқық қорғау органдарының бірнеше ескертуіне қарамастан ақшасын күмәнді инвестициялық жобаларға салуды жалғастырып жатыр. Азаматтарымыздың жұмыс істемей, аз уақытта баюға ұмтылуы олардың ақшасыз қалуына ғана емес, болашақта ірі көлемдегі несиелерді төлеуге мәжбүр болуына алып келеді.Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов

Санжар Әділовтің айтуынша, көбіне азаматтар өздерінің жарнасын енгізе отырып, тіпті компанияның қызметі заңды ма, заңсыз ба, осы жағын ойналбайды да.

Тергеу басқармасының бастығы тағы да қаржы пирамидаларының негізгі ерекшелігін айтты.

  • Клиент тапқаны үшін сыйақы беру уәдесі (бонустар);

  • Нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары табысқа кепіл беру;

  • Қажет лицензиялар болмауы;

  • Кіру жарнасының болуы: тіркеу, оқыту, акциялар үшін және т.б.;

  • Меншікті негізгі қорлардың және басқа да қымбат қорлардың болмауы;

  • Агрессив жарнама, науқан;

  • Ұйым қызметінің нақты анықтамасы болмауы;

  • Тек жеке кеңес беру;

  • Келісімге қол қою кезінде тартынбауға шақырады.

Компания халықтан қолма-қол ақша депозитін алса немесе қор нарықтарына инвестиция салуды ұсынса, бірақ оның лицензиясы болмаса, онда онымен байланысудың қажеті бар ма, жоқ па, соны бірнеше рет ойлаңыз. Мұндай ұйымдарды Қаржы мониторингі агенттігі қадағаламайды, яғни сіздің құқығыңыз бен мүддеңізді ешкім қорғай алмайды.ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов

Ол бірнәрсе бола қалған жағдайда компанияның мүлкі мен активін сатып, ең болмағанда салынған ақшаны ішінара қайтаруға болатынын айтты. Бірақ қаржы пирамидаларында әдетте мұндай активтер жоқ.

Сонымен қатар ол қаржы пирамидасында салымшылардың өздерінен басқа клиенттері жоқ екенін айтты. Тиісінше, ықтимал құрбандарға басқа іскер серіктестер туралы айтылмайды, ешқашан көрсетілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: