Жаңалықтар тізбегі
0

Кене шаққан жағдайда не істеу керек – дәрігер кеңесі

Кене, кене энцифалиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 10:57 Сурет: pixabay
Көктем келісімен табиғат түлеп, жәндіктер жандана бастайды. Алайда олардан келетін қауіп те жоқ емес. Мәселен, бір ғана кене энцефалиттен бөлек, шамамен 30 күрделі ауруды таратады. Осы орайда Zakon.kz салалық дәрігерлердің кене шаққандағы емге қатысты кеңесін ұсынады.

№36 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Мөлдір Әлімбаеваның айтуынша, кенелер тек энцефалит ауруын ғана емес, сонымен қатар, оба, туляремия, боррелиоз, бруцеллез, тиф немесе сүзек ауруын таратуы мүмкін.

Маманның айтуынша, кене әсіресе көктем-жаз мезгілдерінде аса қауіпті, ал тамыз айында ауру жұқтыру қаупі лезде төмендеп, қыркүйек пен қазан айларында болмайды.

«Кенелер таңертең және кешкі мезгілде аса белсенді болады, қалың бұталар орналасқан қараңғы, ылғалды жерлерді жақсы көреді. Кенелердің төменнен жоғары жорғалайтынын ұмытпағаныңыз жөн. Олар олжасын орманның төменгі бөлігіндегі (биіктігі 1 м-ден аспайтын) өсімдіктер арасынан іздейді. Биік шөптерде кенелер күн сәулесінен қорғанады, сондай жерлерде шабуыл жасау мүмкіндігі аса жоғары болады» – дейді маман. 

Денеңізден кенені байқасаңыз, оның мұртшалары, басы теріде қалмайтындай етіп, еппен шығару керек. №30 қалалық емхананың иммунолог дәрігері Малика Имашева кенеге сұйық май құюға болмайтынын айтты.

Егер сіз денеңізден кене байқасаңыз, оған сұйық май жағудың қажеті жоқ. Май жаққан кезде кене күйзеліске ұшырап, жараға одан да көп зарарлы сілекей бөледі. Оны сығудың да қажеті жоқ. Одан да жіп алып, кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап, асықпай, жұлқымай, кене мұртшаларын толық шығарғанша ақырын тарту керек.Иммунолог №30 ЖПД Алматы Малика Имашева

Кене, кене энцефалиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 10:57

Сурет: pixabay

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда төрт тәулік бойы үздіксіз шұғыл көмек алу қажеттігін айтты.

Егер сіз кененің шаққанын байқасаңыз, онда тез арада алдыңғы 4 тәулік бойы шұғыл көмек алып отыру үшін жақын арадағы травмпунктке барыңыз. Травмпунктте сізден кенені алып тастап, шаққан жерді сүртіп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобин салады.№36 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Мөлдір Әлімбаева

№11 қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Әсия Құлжанованың айтуынша, кене энцефалитінің алғашқы белгілері бірден байқалмауы да мүмкін.

Кейде аурудың алғашқы белгілері кене шаққаннан кейін бір айдан кейін ғана пайда болуы мүмкін. Көбінесе кене шаққаны байқалмайды. Терідегі паразит алдымен меңге ұқсайды, оны сорып алған кезде кішкентай қызыл дақ қалады. Екінші күні орны қызарып, қыши бастайды. Егер жараға инфекция түссе, іріңдеп кетуі мүмкін», – дейді эпидемиолог дәрігер.

Маманның айтуынша, кене энцефалитінің 7 түрі бар.

Бірінші түрі - қызба. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың белгілері бар, орталық жүйке жүйесін бұзбайды және ауыр асқынуларды тудырмайды.

Екіншісі – менингеальды. Сипаттамалары бойынша ол менингитке ұқсайды, сондықтан ол осылай аталған. Ол жоғарыда айтылған сананың бұзылунан, жарықтан қорқу, мойын бұлшықеттерінің қаттылығынан көрінеді.

Үшіншісі – менингоэнцефалитикалық. Ол менингит сияқты дамиды, мидың зақымдану белгілері бар.

Төртінші – полиэнцефалитикалық. Ол бас сүйек нервтеріне әсер етеді, бульбар тобына әсер етеді: тіласты және тіл жұту нервті тудырады.

Бесінші – полиомиелитикалық. Симптомдары полиомиелитке ұқсас. Жұлынның мүйіздерінің моторлы нейрондарының бұзылуын тудырады. Бұл түрі пациенттердің 30%-ында кездеседі.

Алтыншы – полиоэнцефаломиелит. Ең қауіпті, өйткені бір мезгілде бас сүйек нервтері мен жұлынның нейрондары зақымдалады.

Ал жетінші – полирадикулоневрит. Перифериялық нервтердің және тамырлардың қызметінің бұзылуынан байқалады.

Кенеден қалай сақтану керек?

Табиғат аясында демалып үйге келгеннен кейін денедегі киімдеріңізді қағып, жақсылап қарап шығыңыз. Әсіресе, құлақтың артын, басты, шаштардың, саусақтардың арасын тексеріп шығыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: