Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысы баяндалды

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 17:14 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының қазіргі жұмысы туралы мәлімет берілді, – деп жазды Ақорданың ресми ақпараттық ресурсы.

Биылғы 12-13 қазанда Қазақстан астанасында өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысына баса мән берілді.

Кездесуде АӨСШК-ні Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың перспективалары талқыланды. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстан төрағалығының басымдығы.

Қайрат Сарыбай Қасым-Жомарт Тоқаевқа саммит қарсаңында Кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен өткізген кездесулері туралы баяндады.

Сонымен қатар дипломат Ұйымның жұмысындағы экономикалық өлшемді жандандыру мәселесіне тоқталып, Жастар кеңесінің отырысын, сондай-ақ маусым айына жоспарланған «Astana Financial Days» халықаралық конференциясы аясында АӨСШК Іскерлік кеңесі мен бизнес форумын өткізуге қолдау көрсеткені үшін президентке алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған Кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қажеттігін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: