Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, су тасқыны, төтенше жағдай Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Миялы ауылының батыс бетінде 50 метр жер биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі таңда қорғаныс мақсатында өзен жағалауына 300 тонна құм мен 500-ден астам топырақ толтырылған мөшек қойылды.

Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 погрузчик), 70-ден аса ауыл жастары еріктілер жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әкімдіктің хабарлауынша, бүгін ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы – Қарабау – Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз