Жаңалықтар тізбегі
0

«Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алды

Ақын фильмі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 13:47 Сурет: Facebook/Kazakhfilmstudios.kz
Қазақстандық «Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алды. Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді. Бұл туралы «Қазақфильм» хабарлады.

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді.

Дәрежан Өмірбаев әр уақытта Канн кинофестивалінен екі рет жүлде алған. Өкінішке қарай, режиссердің өзі Берлин халықаралық кинофестивалі Berlinale Forum/Forum аясындағы фильмнің еуропалық премьерасына қатыса алмады», - делінген хабарламада.

Осы себепті фильмді көптің назарына актриса Гүлжан Түзелбаева мен продюсер Юлия Ким ұсынды.

Фильм сценарийі жазушы Герман Гессенің «Авторлық кеш» повесі негізінде жазылған. Фильмдегі басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев ойнады.

Айта кетейік, 2021 жылы «Ақын» фильмі Tokyo International Film Festival кинофестивалінде «Үздік режиссура» аталымын жеңіп алған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: