Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төлеген – прокуратура

Алматыдағы тәртіпсіздік, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 12:38 Сурет: Zakon.kz
Тергеу барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған азаматтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.Елдос Қилымжанов

Елдос Қилымжановтың айтуынша, Алматы облысында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды.

Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталып, тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген адамдардан жауап алынған кезде расталды.Елдос Қилымжанов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: