Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жеті мектепке «жарылғыш зат қойылды»

мектеп, спортзал, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 15:26 Сурет: Алматы әкімдігі
19 сәуір күні кешкісін Алматыдағы жеті мектепте «жарылғыш зат қойылды» деген хабар келіп түсті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«№99 мектепке жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама туралы ақпаратты оқырманымыз жіберді.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне жүгінді.

Кеше кешкісін қаладағы жеті мектепте жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріс жүргізді, сапер бөлімшелері нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар тексеру кезінде мектептерде оқушылар да, мұғалімдер де болмағанын түсіндірді.

Қазір мұндай хабарды таратқан адам іздестіріліп жатыр. Ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салайық, 31 наурызда Қазақстанды түрлі қоғамдық орында «жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарламалар «толқыны» шарпыған еді. Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығында «бомба қойылды» деген хабарлама болды.

Айта кетейік, Қарағанды полицейлері күдіктіні - кінәсін мойындаған 29 жастағы жігітті анықтап, ұстаған еді.

19 сәуірде телефон «террористі» деген күдікпен Жітіқара қаласының (Қостанай облысы) 1986 жылы туған тұрғыны ұсталғаны белгілі болды. Ол қаладағы ұйымдардың бірінде IT-маман болып жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: