Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында 164 келі балық қырылып қалды

қырылған балық, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 11:00 Сурет: Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
Павлодар облысы Экология департаментінің мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су сынамасын алды. Комиссияның пікірінше, балық өлімінің алдын ала себебі – қыста суда еріген оттегінің болмауы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының маңында орналасқан Ильюшка шағын өзенінде балықтар қырылып қалды.

Қырылған балықтың саны – 164 келі (сазан – 150 келі, шортан – 7 келі, көксерке -2 келі және табан – 5 келі ).

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 19 сәуірде сағат 18.45-да Instagram әлеуметтік желісінде Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының жанында орналасқан Ильюшка шағын өзенінде балықтардың қырылу фактісі туралы ақпарат жариялады.

Комиссияның пікірінше, балық өлімінің алдын ала себебі – қыста суда еріген оттегінің болмауы. Ломовая тармағында балықтың қырылуының нақты себебі Павлодар облысының экология департаментінен зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланады, – делінген Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарламасында.

Өлі балықтардың жинау және кәдеге жаратуды Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің, Павлодар облысының экология департаментінің, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының және «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-і Алтай филиалының қызметкерлері жүргізді.

Анықтама үшін: Ломовая тармағы – жергілікті маңызы бар резервтік балық шаруашылығы су айдыны. Ауданы – 60 гектар, тереңдігі – 2,5 метр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: