Қазақстандағы 50-ге жуық мектептің дәретханасы сыртта
Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Балалардың құқығын қорғау комитеті заң бұзушылықтар туралы ақпарат жіберілетін сенім телефонын іске қосатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Білім министрінің айтуынша, екі жыл бұрын еліміздегі мектептерде 2700-ге жуық дәретхана сыртта болған. Бүгінде оның 50-і ғана қалды.
Бұл – үлкен прогресс. Бірақ сол 2700 мектепте, дәлірек айтсақ, көпшілігінде канализация да, су құбыры да болмағандықтан жұмыс өте қиын. Негізінен мұндай әжетханалардың көбі орталықтандырылған кәріз, су құбыры, кәріз құбырынан қоқысты шығаруға қажет құрал-жабдығы жоқ ауылдық елді мекендерде орналасқан.Асхат Аймағамбетов
Министр кейбір мектептерде дәретханалардың барлығы бірдей жұмыс істемейтінін, онда қарапайым биотуалет мәселесі бар екенін де айтты. Сонымен қатар олардың жағдайы да мәз емес.
Балалардың құқығын қорғау комитеті ҮЕҰ-мен бірлесіп WhatsApp және Telegram желісінде сенім телефонын ашып жатқанын хабарлаймын. Бебебі бұл балалар үшін өте қолайлы. Онда балалар, ата-аналар және мұғалімдер тиісті фотоларды жібере алады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен біздің комитет осындай заңбұзушылықтар болса, қадағалап, бақылайды.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript