Қазақстан бойынша 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет, ауа райы болжамы, ауа райы Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанның 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елдің батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейеді, күн күркірейді, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүсттігінде бұршақ жауады, солтүстігін тұман басады, шығысында жел күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Мағыстау облысының солтүстігінде, шығысында күшті жел соғады, желдің екпіні екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Түркістан облысын облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында жел күшейеді,таулы және тау етегіндегі аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, найзағай күтіледі.

Күндіз Қызылорданың орталығында, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбылдың таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.

Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігін, шығысын тұман басып, жел соғады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +9...+11°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің найзағай кезінде екпіні 10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +23...+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күннің аяғында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +26...+28°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз