Жаңалықтар тізбегі
0

Министр жаңа облыстарды құруға жұмсалатын бюджет есептеліп жатқанын мәлімдеді

ҚР Ұлттық экономика министрі, жаңа облыстар, бюджет, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 15:11 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құруға бюджеттен қанша қаражат қарастырылғанына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазір жұмыс жалғасуда. Ал жаңа облыстар құрылып, қаулыға қол қойылғаннан кейін жаңа облыстардың әкімдері тағайындалады. Әрі қарайғы жұмыстарды әкімдер қазір қайта құрылып жатқан облыстардың әкімдерімен бірлесіп жүргізетін болады. Одан кейін 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде келесі жылға қажетті қаражат қарастырылып, қажет болған жағдайда үкіметтің резервінен ақша бөлінеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы жаңа өңірлерді құруға арналған бюджет «есептелгенін» атап өтті, дегенмен ол қанша сома көзделгенін атаған жоқ.

Еске салайық, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанда үш жаңа облыс – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтқан болатын.

Кейін Әлібек Қуантыров жаңа облыстар 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай құрылатынын нақтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: