Шымкент полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Шымкент полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 10:05 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуі бойынша, биыл 25 сәуірде Мұхтар Бухарбаев Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: