Қошанов Ресей мен Украинадан келген мигранттар легі туралы: Қазақстан тек ұтады

Ресей, Украина, мигрант, ҚР парламентә мәжілісінің төрағасы, мәжіліс Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей, Украина және Беларусь елдерінен ағылған еңбек мигранттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Менің ойымша, мұның жақсы жағын көруіміз керек. Бiзге бiлiктi мамандар келiп, өз орнын тауып, кәсiп ашып, жұмыс орындарын құрып, салық төлесе, Қазақстан бұдан тек ұтады деп ойлаймын. Ерлан Қошанов

Мәжіліс спикері бұл ішкі нарықтағы бәсекелестікті де дамытатынын, қазақстандық бизнес бұған дайын болуы керегін айтты. Нәтижесінде халық бұдан ұтады, өйткені тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

InDriver-дің бас кеңсесі бізге Мәскеуден көшіп келгенін білемін. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Менің білуімше, inDriver 600 қаланы қамтыған. Бұл бізге жаман ба? Ерлан Қошанов

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта Қазақстанға қанша ресейлік пен украиндық келгенін мәлімдеген еді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз