Жаңалықтар тізбегі
0

Ыстамбұлда фабрика өртеніп, үш адам қаза тапты

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 20:46 Сурет: ataambulans.com
Ыстамбұлда фабрика өртеніп, үш адам қаза тапты, тоғызы жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт қаланың өнеркәсіптік аймағында орын алды, деп хабарлайды CNN Turk телеарнасы.

Апат орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем көліктері шұғыл жетті.

Өрттің неден шыққаны туралы әзіррге ақпарат жоқ. Лапылдаған жалын сол маңдағы орманға да тиді. Журналистер куәгерлердің сөзіне сілтеме жасай отырып, кезек-кезек бірнеше жарылыс орын алғанын айтады.

Оқиға орнында 10 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр. Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды оқшаулауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

Өрт шыққан аймақты қазір қалың қара түтін басып, химикаттардың өткір иісі мүңкиді. Түркияның Бас прокуратурасы оқиғаның себептерін тергеуді бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: