Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

колония, изолятор, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 16:40 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде 16 жастағы оқушы қыз мен оның 19 жастағы танысы анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Қылмысты кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті (16 жастағы мектеп оқушысы мен оның танысы 19 жастағы жігіт) уақытша ұстау изоляторына қамалды.Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, ұсталғандар мектеп оқушысының анасын өлтірді деген күдікке ілінген.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберіндегі өзге мәліметтер жария етілмейді.Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: