Доллар қайта көтерілді

Доллар, теңге, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 15:49 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге көтеріліп, 6,62 теңгеге жетті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы тағы 1,21 теңгеге арзандап, 64,10 теңге болды. Сауда көлемі – 2,4 млн юань.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуроның орташа сараланған бағамы 454,73 теңгеге дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 437-443 теңге, еуро 455-463 теңге, ресей рублі 5,8-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: