Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаңа көшелер пайда болады

Көше атаулары, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 23:27 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының көшелеріне мәдениет пен ғылым саласындағы көрнекті қайраткерлердің есімі берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 6 мамырында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы барысында депутаттар көшелердің жаңа атауын бекітті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Олардың арасында Олимпиада ойындарының алғашқы қазақ чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, археолог, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар.

Сондай-ақ, көшелердің бірінің атауы ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға өз қызметі кезінде көмек көрсеткен көрнекті саясаткер және Түркияның экс-премьер-министрі Аднан Мендереске берілді.

Бұл көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау"ықшам аудандарында орналасқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: