Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 13:05 Сурет: Zakon.kz
Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концертте сүйікті әндерді тыңдауға болады, ол сағат 14:00-ге дейін болады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" онлайн-акция өтеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне "Отан ана" монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, "Даңқ" гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде өтеді.

9 мамырда "Солдатский котелок" ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған "Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады.

Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: