Қазақстанда 796 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасының екі дозасын салдырды

Вакцина, Қазақстан, Pfizer, COVID-19 Сурет: Zakon.kz
1243 қазақстандық COVID-19-дан емделіп жатыр. COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 9 мамырға арналған вакцинация деректерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pfizer вакцинасының екі дозасын да алғандар:

  • 769 037 жасөспірім;

  • 34 075 жүкті әйел;

  • 124 010 бала емізетін әйел.

9 миллион 255 мың 807 қазақстандық түрлі препараттармен коронавирусқа қарсы екпенің толық курсын аяқтады.

2022 жылғы наурыз айында ВАК Pfizer вакцинациясын салдыруға құқылы адамдар тізімін көбейтті:

  • бастапқы екпе алатын және осы вакцинаны профилактикалық мақсатта салдырғысы келетін тұлғалар;

  • әртүрлі себептермен шетелге шығу үшін қайта вакцинация алатын тұлғалар;

  • шетелде басталған вакцинация курсын аяқтағысы келетін адамдар;

  • COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған барлық тұлғалар.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз