Жаңалықтар тізбегі
0

Алтай Көлгінов Сәбит Шонтақбаевқа несиесін өтеуге көмектесетінін айтты

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 20:17 Сурет: Instagram/altay_kulginov_official
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгінгі күннің қаһарманы Сәбит Шонтақбаевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін өз өмірін қатерге тіге отырып, 8-қабаттың терезесінен үш жасар бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлікке пара-пар қадамына куә болдық", деп жазды әкім желідегі парақшасында.

Ол елордаға осы жылдың мамыр айының басында Қызылордадан келген. Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым! Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов

Әкім өз тарапынан Сәбиттің отбасына тиісті көмек көрсеткелі жатқандарын да жеткізді.

Білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Локомотив зауытының («Локомотив құрастыру зауыты» АҚ) директорымен Сәбитті жұмысқа орналастыру туралы келістім. Бұрын ол осы сала бойынша ҚТЖ-да жұмыс істеген, мамандығы – вагон шаруашылығы. Бұл салада тәжірибесі бар. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов

Сонымен қатар әкім оған бүкіл отбасын елордаға көшіріп әкелуін ұсынғанын да айтты.

Сәбит зайыбымен бірге төрт бала (үш ұл, бір қыз) өсіріп отыр. Жұбайын жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесеміз. Осылайша ресми түрде жұмыс істей отырып, қызметтік тұрғын үйге үміткер бола алады, сондай-ақ өзге де тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады.

Демеушілер есебінен отбасының несиесін өтеуіне көмектесеміз, ал жазғы уақытта балаларына Бурабайға жолдама береміз. Қала тұрғындарын сақтық шараларын толықтай сақтауға, балаларын қараусыз және үй терезесін ашық қалдырмауға шақырамын, – деп жазды елорда әкімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: