15 маусымға дейін Алматының екі метро станциясы іске қосылады

Бауыржан Момышұлы станциясы Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыдағы «Сарыарқа» және «Момышұлы» метро станциялары қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі атап өткендей, ауданда транзит орналасуына байланысты көлік ағыны тым көп. Сол жүктемені азайтуға бірнеше жоба көмектесуі керек.

Биыл 15 маусымға дейін метрополитеннің 2 станциясын, «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттерін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл метродағы күнделікті жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар Төле би көшесін ұзарту жалғасып жатыр. Ол үшін 270 жер учаскесін босату керек. Оның ішінде 63 учаске бойынша сатып алу туралы келісім жасалған.

Былтыр ашылған Момышұлы көшесінен басталатын Абай даңғылындағы алты жолақты жол жүктемені азайтып, көлік қозғалысын кеңейтеді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз