Жамбыл облысында зардап шеккен бір топ Өзбекстан азаматы отанына аттанды

Жамбыл облысы Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзбекстанға түнде Жуалы ауданынан Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ құрамымен сегіз жедел медициналық жәрдем көлігі және бір VAN Hool маркалы жолаушылар автобусы жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобуста 13 зардап шегуші, уақытша орналастыру пунктінде болған тағы жеті адам және екі адамның денесі бар.

Жол апаты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және төтенше жағдайға жұмылдырылған өзге қызметтерге өз отандастарын құтқарғаны үшін алғыс білдірді. Сағат 7:15-те көліктер колонна Қазақстан шекарасын кесіп өтті.

Өзбекстан азаматтары

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде 1980-ші және 1965 жылғы Өзбекстанның екі азаматы жатыр.

Жол апаты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

12 мамырда сағат 15: 46-да Жамбыл облысының Жуалы ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 571 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, 16 адам түрлі жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 51 адам болған, оның ішінде 46-сы Өзбекстан азаматы. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Мәдениет үйі базасында ыстық тамақпен қамсыздандыруда эвакуациялық пункт ұйымдастырылды, онда 32 адам орналастырылды.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз