Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде Лев Лещенко ЖСН тіркетті
Сурет: Медеу аудандық ХҚКО бастығы Арайлым Айжанова
Кеңес заманының және ресейлік эстрада әншісі, РСФСР Халық әртісі Лев Лещенко жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты ресейлік әнші қызметіне жүгінген Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің қызметкерлері растады.
Танымал әртісті көрген Медеу ауданындағы ХҚКО клиенттері мен мамандары онымен бірге фотоға түсуді сұраған. Лев Лещенко бұл өтінішті қуана қабыл алыпты.
Сол кеште көрші мемлекеттің халық әртісі Ресейге қайта ұшып кеткені айтылады.
Сурет: Медеу аудандық ХҚКО бастығы Арайлым Айжанова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript