Жаңалықтар тізбегі
0

Текеліде лай көшкіні кезінде қаза тапқан қыздың анасы сұқбат берді – БАҚ

Қаралы ана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 21:54 Сурет: pixabay
Текелідегі лай көшкінінен қаза тапқан бес жастағы қыздың анасы Гүлнәр Тілеухан басынан өткенін баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы ана сол мезетте моншада болған екен. Қатты дүрсіл естіліп, содан моншаның керегесі қарс айрылып түскенде ол кісі терезеден әрең қашып шыққан. Қатты соққыдан есі танып қалған Гүлнәр Тілеухан  ауруханада оянғанын айтады, делінеді Алматы телеарнасының арнайы сюжетінде.

Қас пен көздің арасында баспанасы жермен жексен болған азамат кешегі күнін қорқынышпен еске алады. Ажал құшқан Жанбота үйдің кенжесі екен.

«Бір күн кешке дейін алысты ғой. Таба алмай. Кешкі жетілерде тапты. Ақылды, сүйкімді болатын. Әнші, биші боламын деп теледидардағы балалардың әнін түгел жатқа білетін. Құдай ешкімді баламен сынамасын», – деді марқұм қыздың анасы Гүлнәр Тілеухан.

Марқұм болған қыздың анасы қазір қонақ үйге орналасыпты. Жергілікті әкімдік баспана мәселесі шешілгенше қосымша көмек көрсетілетінін айтқан.

«Баспана жағынан көмек береміз. Ал Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев қазір қара жамылған отбасына баспана беру мәселесін қарастырып жатыр», – деді Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов.

Ал құтқару қызметі қалпына келтіру жұмыстары бір-екі күнге созылуы мүмкін екенін айтады. Өйткені жардың басында, қол жетпейтін қиын аумақтарда да апатты үйлер бар дейді.

Жар басындағы үйдің  қабырғасы қарс айрылып, құлауға сәл-ақ тұр. Куәгерлер лай көшкіні осы тұстан басталды, - дейді. Олардың айтуынша, жолындағыны жапырып, таспен топырақ аралас көшкін тас жолды жауып қалған. Тұрғындардың кейбірі лай көшкінін табиғи апат десе,  енді бірі басқа да себептер болуы мүмкін деп болжам жасайды.

«Дәл қазір мына ағаштың бәрі қисайып тұр. Мен қалай тыныш ұйықтай аламын? Текеліде екі күннің бірінде жаңбыр», – деді Текелі қаласының тұрғыны Лейсан Тухабаева.

Ал жағдайды бақылауға алдық деген Жетісу-Алатау аймақтық Қазселденқорғау мамандары бұл маңда қауіпті алты аймақ барын айтады.

«Бақылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы таулы аймақтардағы тексерісті күшейтіп оларға қағаз нұсқаулықтар береміз. Ең алдымен жер иесі ағын суды, суармалы суды бақылап отырса мынадай жағдай болмас еді», – деді «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы Мейрам Нұрымбетов.

Сонымен қатар мамандар мамыр айы жауын-шашынды болғандықтан көшкін қаупі таулы аймақтарда әлі де сақталады деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: