Әкімдердің рейтингі өңірдегі жолдардың сапасына қарай анықталатын болды

ҚР ИИДМ, әкім, рейтинг, жол, "Көлік туралы" заң Сурет: pixabay
Қазақстандағы әкімдердің рейтингі өңірдегі жолдардың сапасына қарай анықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Индустрия министрлігі басшысының айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылауды жақсарту мақсатында «Көлік туралы» заң жобасына түзетулер енгізіледі.

Атап айтқанда, кепіл берілген мерзім ішінде ортақ жауапкершілікті авторлық және техникалық қадағалау органы мердігер ұйыммен тең көтереді.

Сондай-ақ сапа орталығына жол желісіндегі жұмыс пен материалдардың сапасына сараптама жүргізу құқығы беріледі.

Сонымен қатар, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін 1000-нан астам нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып жатыр және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесі әзірленді, қазір оны келісу және бекіту рәсімдері жүргізіліп жатыр. Қайырбек Өскенбаев
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз