Мұнай қымбаттап жатыр

мұнай Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлемдік мұнай бағасы Қытайдан оған сұраныстың артуы перспективасына байланысты көтерілуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мәскеу уақытымен 14:02-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 17:02) шілдедегі фьючерстердің Brent маркалы мұнайының бағасы 0,68%-ға өсіп, барреліне 115 доллар болды.

Мұнай нарығы қайтадан оң динамика көрсетіп жатыр. Шанхай 1 маусымнан бастап коронавирус шектеулерді алып тастау ниетін жариялағандықтан инвесторлар Қытайдан сұраныстың артатынын күтіп отыр. Атап айтқанда, көлік қатынасының жандануы бензинге деген сұраныстың артуына ықпал етеді, – делінген хабарламада.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге өсіп, бір доллар үшін 432,79 теңге болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз