Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланады – зерттеу

зейнетақы жинағы, инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 13:20 Сурет: Zakon.kz
Биыл сәуір айына қарай БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының көлемі 13 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3%-ға артық. Бұл сомаға салымшылардың зейнетақы жарнасы мен инвестициялық кірісі кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық зейнетақы активі БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен бері инвестициялық кіріс 6,3 трлн теңге болды. Бұл үнемделген қаржының жартысына жуығы – 48,5%, – деп жазды Finprom.kz.

Жыл басынан бері геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында әлемдік қаржы және тауар нарықтарында құбылмалылық күшейді. Бұл инфляцияның өсуіне де, зейнетақы активтерінің кірістілігіне де әсер етті. Осыған қарамастан биыл бірінші тоқсанда инвестициялық кіріс 304,9 млрд теңге болды.

Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде саналады. Кем дегенде бір жыл мерзімге инвестициялық кіріс сомасын талдауға болады.

1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы активтері портфеліндегі негізгі үлесті қазіргі құны 5,2 трлн теңге болатын мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) алып отыр. Олардың портфельдегі үлесі - 39,9%. Алайда, өткен жылдың сәйкес кезеңінде олардың үлесі 43,7%-ға, 2020 жылы – 42%-ға, 2019 жылы – 40,6%-ға, 2018 жылы – 44,9%-ға жеткен.

Өз кезегінде облигациялардың үлесі 23,49% болды. Мұнда үлес үшінші жыл бойы төмендеп келеді: 2021 жылы көрсеткіш 28,75, 2020 жылы – 30,76, 2019 жылы – 31,94 пайызды құрады.

Сонымен қатар егер 2020 және 2021 жылдары шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі төмендеп жатса, биыл ол 18,4%-ға жетті. Сыртқы басқарудағы активтер салмағының (жылына 8,4%-дан 11,5%-ға дейін), сонымен бірге ҚР Ұлттық Банкінің депозиттерінің (0,5%-дан 1,2%-ға дейін) өсуі байқалады.

Басқа қаржы құралдарына келсек, жылдық көрсеткіште үлестің төмендеуі байқалады. Әңгіме халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары, акциялары, екінші деңгейлі банктердегі және шетелдік банктердегі депозиттері туралы болып отыр. Зейнетақы активтерінің сақталуы мен табыстылығы үшін икемді саясат тиімді екенін атап өткен жөн. Активтер бір қаржылық құралдарға белгілі бір мөлшерде салынбайды. Бірақ жағдайды ескере отырып, жүйелі түрде қайта бөлінеді, – деп жазды Finprom.kz.

Барлық инвестициялық қызмет ашық және айқын. Зейнетақы активтерін басқару бойынша толық ақпарат БЖЗҚ сайтында да, Ұлттық Банктің сайтында да бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: