Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық полицей үш баласы бар әйелді пәтерге орналастырып, құжатын рәсімдеуге көмектесті

полиция, полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 16:20 Сурет: polisia.kz
Қостанайдағы учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелге уақытша баспана тауып беріп, құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Учаскелік полицей тұрғындардың шақыртуымен бір мекенжайға барады. Тұрғындардан «көршілеріміз шулайды» деген хабарлама түскен. Келген бойда Оңайбек Оразақов кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелді көреді.

Әйел балаларды жалғыз тәрбиелеп жатқанын айтқан. Тұратын жер болмағандықтан жалғызбасты ана досына бірге тұруды өтінген.

Балалы әйелді көргенде қалыс қала алмадым. Баланың үлкені небәрі төрт жаста, кішісі алты айлық. Бірінші кезекте баспана мәселесін шешуді ойладым. Жатақханадан бөлме жалдап, балалы әйелді орналастырдым, – дейді полиция қызметкері.

Сонымен қатар полицей әйелдің отбасына ең қажет азық-түлік өнімдерін алып берген. Полиция қызметкерінен бөлек жанашыр жандар да табылыпты.

Әйел жәрдемақы алады. Бірақ белгілі себептермен осы айда ақша түспеді. Сондықтан БЖЗҚ-ға жүгініп, құжаттарын рәсімдеуге көмектестім, – деді қостанайлық полицей Оңайбек Оразақов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: