Түркістанда дәрігерлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды

операция, Түркістан облысы, нәрестеге операция Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары жаңа туған нәрестені аман алып қалды. Олар тәуекел үлкен болғанын айтып отыр. Кішкентай Рамазанға екі күн бойы құтқару операциясы жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, сәбидің анасы, Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігінде асқыну болған. Сондықтан әйелдің босануы қиын болды. Бала гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастады. Гемоглобины өте қатты төмендеді.

№1 облыстық перинаталдық орталығы және облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада операция жасауға шешім қабылдады. Себебі баланы тасымалдау өте қауіпті болды.

Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, операция жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмектесті. Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында операция жасалды.

Асқазанның идиопатиялық жарылуы – жаңа туған нәрестелердегі сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Әріптестерім – неонатологтардың арқасында баланың жағдайы тұрақталып, олар сәбиді операцияға дайындай білді. Тәуекел үлкен болды.Хирург Сұлтанғали Сарыбаев

Қазір Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты. Қазығұрт тұрғыны Сәуле Күмісбек дәрігерлерге шексіз алғыс білдірді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз