Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды
Сурет: Zakon.kz
Жарылыс ауруханааралық дәріханада орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, оттегі толы баллон жарылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 21 мамырда сағат 12.06-да 102 нөміріне Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері келіп жетті.
Олар оқиға орнына келіп жеткен бойда жарылыс салдарынан 138-ші мекенжайдағы медициналық ертінді өндірілетін ауруханааралық дәріхана ғимаратының күл-талқаны шыққанын анықтады. Жарылыстан кейін пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа ауада газдың көптеп жиналуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript