Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ұшқан шатырдың беріктігіне 2022 жылы қаңтарда тексеру жүргізілген

Аудит, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 15:30 Сурет: Шымкент қалалық ТЖД
"Ордабасы" мен "Ақсу" футбол командалары арасындағы ойын кезінде төтенше жағдай орын алды. Қатты желдің салдарынан стадионның басты ғимаратының шатыры ұшып, жапырыла құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте биыл қаңтар айында футбол алаңына ұшып кеткен шатыры беріктік бойынша тексеруден өткен, деп хабарлайды 24kz.

Тіпті, аяғына жетпей қалған сол күнгі ойын алдында да техникалық тексеріс жүргізіліп, ешқандай кінарат табылмаған. Сондықтан ойын барысында ұшқан шатыр шенеуніктер үшін нағыз тосын сый болды.

Ойынның тоғызыншы минутында қатты желдің салдарынан шатырдың бір бөлігі алаңға келіп жапырыла құлады.

Бақытқа орай, ойыншылар мен жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ойын бірден тоқтатылды.

Футболшылар бұл ойынды алда жалғастыратын болады: сол құраммен және сол алаңда. Ал стадионның әкімшілік ғимараты бюджеттен қаражат бөлінгенге дейін шатырсыз тұра бермек.

Бұл мәселе маусым айында болатын мәслихаттың алдағы сессиясында қаралады. Әзірге, үңірейген орынды брезентпен жауып қоя тұрады. Соңғы рет шатыр 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.

Биыл қаңтар айында аудит жүргізілді. Шатырда қандай да бір ақау болса, жөндеу керек деген мақсатта. Бірақ ақаау анықталмады. Одан бөлек, заң бойынша адамдар көп жиналатын әрбір үлкен жарыстың алдында акт жасалады, оған ТЖ, құқық қорғау органдарының өкілдері және т.б. қатысады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов

Мақсұт Исахов футбол ойыны алдында да акт жасалғанын, ол кезде шатырға қатысты арнайы нұсқаулар болмағанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: