Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мекендейтін оңтүстік бұлбұлы туралы не білеміз

Оңтүстік бұлбұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 12:47 Сурет: Іле-Алатау МҰТП ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М
Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Жыл құсы – 2022» деп жарияланған бұлбұл туралы тың деректер ұсынды. Оңтүстік бұлбұлы (Luscinia megarhynchos) – түсі бойынша кәдімгі бұлбұлға (Luscinia luscinia) өте ұқсас, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле-Алатау МҰТП ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М оңтүстік бұлбұлы туралы ақпаратты парктің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Маманның айтуынша, оңтүстік бұлбұлы реңдерімен ерекшеленеді. Әсіресе денесінің төменгі, яғни бауыр тұсы жағында біршама өзгешелік бар.

​​​​Оңтүстік бұлбұлы – қалыпты тіршілік етеді, қоныс аударатын, ұя салатын құс. Ол жағалаудағы ормандарда, тау бөктерінде, сонымен қатар жапырақты ормандарда, тоғайларда, бақтарда, орман екпелерінде, ұсақ шоқыларда, көбіне су маңайында, 1600-2000 метр биікте бұталы алқапта мекендейді. Сонымен қатар қалалар мен елдімекендер орналасқан аймақтарда кездеседі. Ол сәуір айының ортасында-мамырдың басында жылы жақтан ұшып келеді. Ұясы жерге немесе бұталарға өте төмен, жерден 20 см-ден аспайды. Ұя құрғақ шөптермен жасалып, жұқа шөптер мен тамырлармен қапталады, – делінген хабарламада.

Мекиені мен қоразының денесінің үстіңгі бөлігі біртегіс қою қоңыр болады, қызғылт реңктері де бар. Құйрығы қызғылт. Денесінің төменгі жағы біртегіс, кіршең ақшыл, кеуде тұсы сәл күңгірт. Ал жұтқыншағы мен іші, сирағының үстіңгі қауырсыны жағында ақшыл түсті. Аяқтары қара қоңыр, тұмсығы қара, тұмсық асты ашық қоңыр. Денесінің жоғарғы жағының қауырсындары қоңыр түсті, бұлдыр дақтары бар және өте жіңішке сызықтары болады. Бұлбұлдың салмағы – 21-30 грамм, қанатының ұзындығы – 85,0 - 95,0; құйрығы – 85,5-90,0 мм.

Жұмыртқа салу уақыты мамыр айының ортасынан маусымның ортасына дейін болады. Ұяда 3-5 жұмыртқа болады. Мекиені 13-14 күн басады. Балапандарды қоректендіруге екеуі де қатысады. Балапандары маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін байқалады. Бір маусымда екі рет ұрпақ өрбітуі мүмкін, бірақ бұл дәлелденбеген. Қайта жұмыртқа басуы заңдылық, себебі алғашқы жұмыртқасы жойылуы да мүмкін. ​Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына сәуір айының соңғы аптасында ұшып келді деуге болады.

Сонымен қатар ғылыми қызметкер барлық Ұлттық парк аумағына келетін тұрғындарға абай болу керек екенін ескертті. Себебі бұлбұл құсының ұясы жерге өте жақын салынады.

Сайраған дауыстары мамыр басталғанда барлық шатқалда жиірек естіле бастады. Бұлбұл жыл құсы екенін ескеріп «Парктер шеруі» аясында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар әр шатқалда мекен ету орнында ұдайы бақылаулар жасалып жатыр. Бұлбұл құсының ұясы жерге өте жақын салынатынын ескеріп әрі балапандары жаз айының ортасында пайда болатынына жіті мән берілу керек. Барлық Ұлттық парк аумағына келетін тұрғындарға абай болу қажет. Өйткені орман өрті, ұсақ құстар үшін өте қауіпті. Әрдайым бақта бұлбұл сайрасын.Іле-Алатау МҰТП ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М

Қазақстанда бұлбұлдың 2 түрі бар: оңтүстік бұлбұлы және қарапайым бұлбұл.

Айта кетейік, Биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірлесіп проблемаларға назар аудару үшін жыл сайын «Жыл құсы» ақпараттық науқанын өткізеді. Қазақстанда «Жыл құсын» таңдау 2006 жылдан бері бар. Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы бұлбұлды Қазақстандағы «Жыл құсы – 2022» деп жариялаған еді.

2021 жылы «Жыл құсы» бірқазан болды. Ал 2020 жылы «Жыл құсы» ителгі болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: