5 мыңнан астам колледж оқытушысы еліміздің ірі кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті

оқу, тағылымдама, курс, колледж Cурет: unsplash
Қазақстандық колледждердің 5 200 оқытушысы біліктіліктерін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқытушылардың айтуынша, оқытудың мұндай форматы оларға жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қоятын талаптарымен тереңірек танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

7 жылдан бері арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет етіп келемін. Мен мұндай форматтағы курсқа алғаш рет қатысып отырмын. Ұйымдастырушылар бізге практикалық білім алуға мүмкіндік берді. Мен өндірістік тәжірибеден «Алматы электромеханикалық зауытында» өттім. Тағылымдама кезінде жұмыс процесін зерттеп, және кәсіпорын қызметкерлерін бақылай отырып, мен колледждегі сабағымда қолданатын білім алдым. Менің ойымша, бұл тәжірибе мұғалімдерге білім беру бағдарламаларының мазмұнын түсінуге көмектеседі. Яғни студенттерге теориялық қана емес, сонымен бірге практикалық білім де береміз, - деді Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айдана Жұмамұратова.

Айта кетейік, 2021 жылы Білім және ғылым министрлігі колледж оқытушыларының жаңа технологияларды аудиторияда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелердің базасында оқыту үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізген еді.

Бүгінде педагогтер «АрселорМиттал» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» МАЭК, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС және т.б. кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан тек педагогтер ғана емес, колледж басшылары да өтті. Білім және ғылым министрлігі мұндай оқыту форматы биыл да жалғасатынын айтты.

Сонымен қатар, оқыңыз

Оқушы көп, мектеп аз

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз