Қазақстан әуе компаниялары жолаушыларды «қара тізімге» өз еркімен кіргізе алмайды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті норманы көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына тіркеуді ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Индустрия министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев заң жобасында авиакомпанияларға әуе тасымалдауы шектелген тұлғалардың жеке тізілімін жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізілгенін айтты.
Алайда азаматтар мұндай тізімге тек әуе кемесінің бортындағы құқықбұзушылықтары бойынша және қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде кінәсі дәлелденген жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.Қайырбек Өскенбаев
Министр жыл басынан бері ұшақтарда жолаушылардың 600-ге жуық құқықбұзушылықтары тіркелгенін мәлімдеді.
Ең жиі кездесетін бұзушылық – жолаушылардың ескертуге қарамастан ұшақта темекі шегуі. Былтыр карантин шектеулеріне байланысты 800-ден астам құқық бұзушылық болды. Біз шектеулерді алып тастағаннан кейін заң бұзушылықтар саны азая бастады.Қайырбек Өскенбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript