Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдік бейбітшілік индексі рейтінгінде Қазақстан 75-орында

жемқорлық, коррупция, келісім, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 16:16 Сурет: freepik
Бейбітшіліктің оң индексі (PPI) елдерінің рейтингінде Қазақстан 3,12 ұпай жинап, 163 елдің ішінде 75-орынға ие болды. Рейтингті жыл сайын Экономика және бейбітшілік институты Жаһандық бейбітшілік индексіндегі деректер негізінде жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтинг 8 позитив факторға негізделген:

  • жақсы жұмыс істейтін үкімет;

  • салауатты бизнес орта;

  • ресурстарды әділ бөлу;

  • басқалардың құқығын тану;

  • көршілермен жақсы қарым-қатынас;

  • ақпараттың еркін ағыны;

  • адами капиталдың жоғары деңгейі;

  • сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі.

PPI төмен ұпайлар жақсы әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсететіндей етіп есептеледі, ал жоғары ұпайлар аз дамуды көрсетеді. Шкаласы 1-ден 5 баллға дейін.

8 PPI факторының ішінде Қазақстанның ең нашар көрсеткіші сыбайлас жемқорлық деңгейі сегментінде байқалады: еліміз 3,74 балл жинады. Бұл Қазақстанды осы көрсеткіш бойынша 92-орынға шығарды. Үздік көрсеткіштер мен сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі Данияда (1,15 балл), Жаңа Зеландияда (1,22 балл) және Финляндияда (1,23 балл). Ең нашар көрсеткіштер Венесуэлада (4,8 ұпай), Оңтүстік Судан (4,79 ұпай) және Сомалиде (4,78 ұпай), – делінген Ranking.kz хабарламасында.

ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Армения (3,3 балл) және Беларусь (3,5 балл) сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. ТМД-ның қалған елдерінде көрсеткіштер Қазақстанға қарағанда әлдеқайда пессимист. Ең нашар көрсеткіштер Түрікменстанда (4,39 балл), Өзбекстанда (4,3 балл), Тәжікстанда (4,29 балл), Әзірбайжанда (4,23 балл) және Ресейде (4,03 балл).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: