Таразда мектеп түлегі Lexus көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, аударылып қалды

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
25 мамырда қаладағы "Қазақ хандығы" монументінің жанында Lexus көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік тізгінінде 21 жастағы жүргізуші таныс түлектермен бірге соңғы қоңырауды атап өтпек болған. Жүргізуші бірнәрсеге айналғанда түлектердің бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Жас жігіт тежегіш пен газ тетігін шатастырып, рөлге ие бола алмай, су арнасына қарай аударылып кеткен.

17 жастағы оқушы зардап шеккен жоқ, апат кезінде ол көлікте жалғыз болған. Медициналық тексеру қорытындысы жасөспірімнің алкоголь тұтынбағанын нақтылады.

Осы құқық бұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушының ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (63 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жамбыл облыстық ПД
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз