Қырғызстан президенті Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясында ресми түрде қарсы алды

Тоқаев пен Жапаров Сурет: Telegram/БОРТ N1
Қырғызстан президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Айта кетейік, бұгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды.

Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды.

Тоқаев пен Жапаров

Сурет: Telegram/БОРТ N1

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз