Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мотоцикл мінген 9-сынып оқушысы қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2022 09:50 Сурет: Zakon.kz
27 мамырда Алматы облысында мотоцикл тізгіндеген 9-сынып оқушысы мектептің қоршауына соғылып қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, 17 жастағы бозбаланың басы жарылып, оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға түскі сағат 12 шамасында Талғар ауданына қарасты Еламан ауылында болды. Әкесінің «Ямасаки» мотоциклін айдап кеткен жеткіншек дәл мектептің алдына келгенде тоқтай алмай бордюрге соқтығысқан. Сөйтіп басымен темір қоршауға ұрылыпты. Қан іздері мен оқушының шашы сол темірде әлі жабысып тұр. Қазір полицейлер сараптама тағайындап, тергеу амалын жүргізіп жатыр. Қапыда ажал құшқан бозбала №41 орта мектепте 9-сыныпта оқыған. Білім ошағындағылардың айтуынша, тәлімгері таңғы уақытта емтиханға дайындалуға жаяу келіпті. Екі сабақты өткізіп, үйіне қайтқан деп шыр-пыр болып отыр. Ал оқушының мотоциклмен мектепке не үшін қайта оралғаны белгісіз, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

“Аңсар” дүкенінен шыққаным сол еді, мына жақтан қатты жылдамдықпен келіп, бір бала мотоцикльмен жолдың шетіндегі бордюрға соғылып, жерге домалап түсті. Біз келгенше бала қорылдап кетіпті. Қорылдап, дірдір етеді. Баланың басы мына жерден сылқ етіп түсіп кетті. Соны байқадым. Куәгер Ботагөз Қыдырова
Мектепте 9-сыныптарға емтихан болып жатқан жоқ. Олар сағат 9:00-де қосымша сабаққа келген. Батырбаев Ағыбай да қосымша сабаққа келді. Мопедті үйіне барып алып келген. Біреулер айтады, мына жақта достары бар, әкесіне көрсетпей тығып қойған дейді. Күнде қауіпсіздіктерді айтып отырамыз. № 41 орта мектептің директоры Жанаргүл Күнсақалова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: