Павлодар облысында жемқорлыққа байланысты жеті лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Семинар Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың басынан бастап Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның үшеуі кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан, екеуі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаған болса, тағы екі адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамаған.

Мәселен, Успен ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қоластындағыларға табыс туралы декларацияны ұсыну бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерге заңсыз қатысқаны үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің бюджеттік ұйымдарының бірінің басшысы да жазасыз қалмады. Осындай құқық бұзушылық үшін тағы екі мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 1 745 910 теңгені құрады.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз