«Ақтаудың үстінен ұшып барамыз»: ғарышкер бейнеролик жариялады

Ресейлік сынақшы-ғарышкер Олег Артемьев өзінің Youtube арнасында ғарыштан түсірілген видео жариялады. Шағын бейнематериалда Маңғыстау облысы мен Каспий теңізі түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз Ақтаудың үстінен ұшып жатырмыз. Жақын арада Аралда боламыз, – дейді Олег Артемьев видеосында.
Бұл видеоны тамашалап жатқан желі қолданушылары таңданысын жасырмады:
О, мен өз үйімді көрдім!
Менің төлқұжатымда мәңгілікке Шевченко деп жазылған қаланың үстінен ұшып өтеміз.
Жаңа ғана сізді жерден көрдім.
Каспийдің солтүстігі жасыл.
Станция неге шулы?
Бөлісу
0
Толық оқу