Жаңалықтар тізбегі
0

Балаға қауіпсіздік ережесін қалай үйретеміз – маман кеңесі

жол ережесі, қауіпсіздік ережесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 14:28 Сурет: Zakon.kz
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин ата-аналарға баласына қарапайым қауіпсіздік ережесін қалай түсіндіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрғындармен жыл сайынғы түсіндірме жұмысына қарамастан балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін ескі проблемалар – балалардың көшеде, оның ішінде түнгі клубтарда бақылаусыз жүруі әлі де кездеседі. Біздің балаларымыз өмір сүріп жатқан кез біздің балалық шақтан айтарлықтай ерекшеленетінін түсіну керек. Сондықтан жасөспірімдерге қауіпсіздік шарасын бағалауды және қиын жағдайларда сенімді болуды үйретуіміз керек.ҚР ІІМ ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин

Маман қазіргі ата-аналардың көп нәрсеге рұқсат етуі балаларға үлкен еркіндік беретінін, ата-аналар балаларға көтере алмайтын жауапкершілікті жүктейтінін, ересектер балалардың сынақ және қателесу арқылы білім алу қабілетін асыра бағалайтынын айтты.

Мысал ретінде ол кейбір ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына көлік кілтін тапсыратынын айтты. Оның сөзінше, мұндай фактілер жол қозғалысы ережесін бұзу мен жол-көлік оқиғаларына, кәмелетке толмағандардың өміріне қауіп төндіреді

Көп ата-ана баланы көрші аулада немесе жақын жерде басқа көшеде орналасқан дүкенге жібереді. Бір қызығы, онда көліктер де жүре алады және төтенше жағдайдың туындау ықтималдығы жоғары. Аулаларда тоқтап тұрған көліктің саны өте көп, көбіне балалар жан-жағына қарамай көліктердің артынан жүгіреді. Баланы тұрақта тұрған көлікті байқап барып жүруге үйрету керек. Бала айналасына қарағаннан кейін ғана қозғалуы керек. Үнемі дәл осы қағиданы ұстанып, әрекет еткені жөн.Жасұлан Жұманалин

Әкімшілік полиция комитеті департаменті бастығы орынбасарының айтуынша, балаға ақпаратты есте сақтау қиын болса, оны өз мысалымен түсіндіру керек.

Мен бүгін кешке отырып, баламен қандай да бір қауіп төнген жағдайда негізгі қауіпсіздік ережесін талқылауды ұсынамын. Балаға қандай жағдай болса да, болған жайтты ата-анаға айту керек екенін, ештеңе жасырмауы қажет екенін түсіндіріңіз. Тіпті біреу айтпа деген құпия болса да, ата-ана оны білуі керек екенін жеткізіңіз. Ешқашан балаңызға ашуланбаңыз, әрқашан оның жағында болыңыз.Жасұлан Жұманалин

Тәртіп сақшысы кейде арам ниетті адамдар балаға мейірім танытып, жасырынатынын еске салды. Ол мынадай ұсыныстар айтты:

  • бала кез келген бейтаныс ересек адаммен диалогқа түспесін, бейтаныстардың шектен тыс мейірімі мен өтінішін елемесін;

  • көшеде бейтаныс адамдардан тәттілер мен сыйлықтарды қабылдамасын. Егер ұсыныс жасалса, ата-анасын шақырсын;

  • егер бейтаныс ересек адам баланы басқа жаққа апарғысы келсе, телефоннан жаңа ойын, күшік немесе басқа нәрсе көрсетсе, балаға қауіп төніп тұрғанын түсіндіру керек;

  • баланы басқа адамдардың назарын аудару үшін барлық мүмкін болатын жолмен айқайлауға, жүгіруге, қарсы тұруға үйрету керек. Көшеде бейтаныс ересек адам соңынан келе жатса, үйдің кіреберісіне жалғыз кірмесін. Кіргісі келсе де, таныс адам кіргенше күтсін;

  • егер бала подъезге кірсе, бейтаныс ересек адам соңынан кірсе, ең болмаса бірге лифтіге кірмеу керек екенін түсіндіріңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: