Білім министрі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген еді.
Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.
Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналына.
Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан оқушылары Гимназиядада әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған еді. естеріңізге сала кетейін. Осылайша ұлттық құрама 3-орынды иеленген.
Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр.Асхат Аймағамбетов