Жаңалықтар тізбегі
0

Гимназиада жүлдегерлеріне 50 білім гранты мен сыйлықтар берілді

гимназиада жүлдегерлері, оқушылар, спорт, БҒМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 18:34 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым министрлігі жас спортшыларды салтанатты түрде марапаттады. Балалар жылында Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім гранттары және бағалы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан оқушылары алғаш рет Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жарысына қатысып, Францияның Нормандия қаласында әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдермен сынға түсіп, үшінші орынды иеленген еді. Ұлттық құрама 86 медаль жеңіп алды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бағалы сыйлықтар табыстап, ел Президентінің тапсырмасы аясында 11-сыныптың 50 түлегі қазақстандық ЖОО-да оқуға білім гранттарын алатынын айтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің ұстаздары мен жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыс етілді.

Баршаңызды тарихи жеңістеріңізбен құттықтаймын. Оқушыларымыздың жаттықтырушылары мен ата-аналарына әлемдік аренада осындай жоғары жетістіктерге жетуге көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды. Бүгін бұйрыққа қол қойылды және енді гимназиаданың 50 жеңімпазы, мектеп түлектері өз мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін грантқа ие болады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Технодом» компаниясы бағалы сыйлықтар табыс етті. Олардың ішінде ұялы телефондар, смарт-сағаттар, ноутбуктер, пауэр-банктер және тағы басқа сыйлықтар бар.

Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

Еске сала кетейік, Қазақстан оқушылары биыл БҒМ қолдауымен Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысты. Қазақстан құрамасының құрамында 234 спортшы өнер көрсетті. Олар спорттың 18 түрінен сынға түсті: баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу және тағы басқа.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: