Алматыдағы сайлау учаскелері 2ГИС және Yandex Maps сервистерінде қолжетімді

Сайлау учаскесі Сурет: Zakon.kz/Маким Золотухин
Жобаны Алматы әкімдігі 2ГИС және Yandex Maps сервистерімен бірлесіп іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қосымшалар карталарында өзіңіз дауыс беретін учаскенің орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Дауыс беру учаскесін іздеудің негізгі сөздері: "Сайлау учаскелері", "Референдум учаскесі", «Referendum precinct».  

2ГИС карталарында тіркелу мекенжайына сілтеме бойынша өз учаскеңізді анықтаудың қосымша мүмкіндігі бар. Ол үшін үйдің картасын ашып, "қызметтер"бөліміне өту керек.

Еске салсақ, Алматы тұрғындары үшін телефон арқылы бірыңғай Call-орталық іске қосылды: +7(727) 338 45 45, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде өзіңізді тексеруге, сондай-ақ учаскенің нөмірі мен мекежайын анықтай аласыз. Бұл ақпаратты open-almaty.kz сайтыннан және @ReferendumAlmaty2022Bot Telegram-бот арқылы алуға болады. Ол үшін ЖСН нөмірін енгізу қажет.

Республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді. Референдумға "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба" сұрағы қойылды.

Толық ақпарат Алматы әкімдігінің сайтында қолжетімді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз